Компания туралы

«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС 2018 жылы құрылған CLAAS және HORSCH ауыл шаруашылығы техникасын
құрастыру жөніндегі бірлескен неміс-қазақстандық кәсіпорны.

Бүгінгі таңда құрастыру зауытында TRION 530, Trion 650 және Trion 730 үш үлгідегі CLAAS астық
жинайтын комбайндар, CLAAS CERIO, VARIO және CONVIO астық орақтары, CLAAS XERION 4500
тракторлары, сондай-ақ HORSCH Sprinter HD және HORSCH Sprinter NT кең ауқымды егіс
кешендерінің екі моделі шығарылады.

Барлық шығарылатын техника Кеден одағының қолданыстағы техникалық регламенттерінің және
тауардың өндіру талаптарына сәйкестігін сертификаттаудан өтеді. Шығарылатын машиналарға СТ-
KZ сертификаттары және жеке паспорттары беріледі.

Миссия мен құндылықтар
ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӘНЕ ГҮЛДЕНУ

Біздің басты мақсатымыз — ауыл шаруашылығын Қазақстан экономикасының тұрақты және гүлденген секторына айналдыру. Жаңа жұмыс орындарын құру және аймақ пен елдің экономикалық белсенділігін арттыру осы миссияның маңызды бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, біз өңірімізде өмір сүру сапасын арттыруға барынша күш саламыз. Біздің команданың әрбір мүшесі жалпы жұмысқа қосқан үлесі үшін лайықты құрметке ие болады.

СЕРІКТЕСТІК ЖӘНЕ ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Біз серіктестерімізбен сенім мен ашықтық қағидаттарына негізделген өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастырамыз. Біз серіктестеріміздің дамуына әрқашан қолдау көрсетеміз, олардың өсуіне үлес қосамыз, өйткені олардың жетістігі біздің жетістігіміз деп шын жүректен сенеміз.

ӨНДІРІСКЕ АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР

Ауылшаруашылық техникасын өндіруші ретінде біздің міндетіміз – қазақстандық фермерлерді топырақ өңдеу, егіс және егін жинау үшін сенімді және тиімді машиналармен қамтамасыз ету. Біз өнімділікті арттыратын және тұтынушыларымыздың өнімділігі мен олардың пайдасын арттыратын инновацияларды жасауға ұмтыламыз.

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ

Біздің жұмысымыз фермерлерді, серіктестерді қолдауға және өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуға бағытталған. Қазақстанның ауыл шаруашылығын заманауи техникалық шешімдермен қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігеріміз, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға алып келуіне тырысамыз.

Жоба тарихы
Біздің серіктестер
Біздің өндірісіміз

CLAAS TRION астық жинайтын комбайндар

TRION 700 / 600 / 500

CLAAS CERIO
орағыштары

CERIO / VARIO / CONVIO

CLAAS XERION
тракторлары

XERION 5000-4500

HORSCH Sprinter егістік кешендері

SPRINTER HD
SPRINTER NT

Сіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз

Өтінішіңізді қалдырыңыз, біз сізбен байланысамыз

    Баспасөз біз жайлы

    «Қазақстан – серіктес ел»

    Қазақстан – тарихы бай ел, әлемдегі ең бәсекеге қабілетті экономикалар тізіміне енуге ұмтылатын үлкен мүмкіндіктер елі.

    CLAAS өндірістік желісінің портреті: Many places. One passion

    Қазақстан – тарихы бай ел, әлемдегі ең бәсекеге қабілетті экономикалар тізіміне енуге ұмтылатын үлкен мүмкіндіктер елі.

    Ct Agro – Қазақстан фермерлерімен бірге 20 жыл даму

    Қазақстан – тарихы бай ел, әлемдегі ең бәсекеге қабілетті экономикалар тізіміне енуге ұмтылатын үлкен мүмкіндіктер елі.

    «Біз – фермерлер мен әлемдегі ең үздік компанияларды байланстыру боып табыламыз»

    Қазақстан-тарихы бай ел, әлемдегі ең бәсекеге қабілетті экономикалар тізіміне енуге ұмтылатын үлкен мүмкіндіктер елі.